Ет-сүйек шыжығынан майды сығуға арналған пресс
Номер предварительного патента: 19175
Опубликовано: 14.03.2008
Авторы: Касенов Амиржан Леонидович, Орынбеков Думан Рымгалиевич, Жайлаубаев Дәлел Тлеугазыевич, Какимов Мухтарбек Муханович, Игембаев Саят Асланович
Формула / Реферат
Өнертабыс майлы ет-сүйек шыжығынан техникалық майды өндіруге, сонымен қатар ет кәсіпорындарында ет-сүйек шыжығының қалдықтарынан құрғақ мал жемін өндіруде қолдануға болады.
Техникалық нәтижесі - май бөліну мөлшерін жоғарылатып, ет-сүйек шыжығының майлылығын азайту.
Пресс қаңқаға 1 орнатылған цилиндрлі тұрқыдан 2 тұрады. Тұрқыда шанақ 3 және түп 29 орнатылған. Тұрқыда тасымалдаушы шнек 5 пен кесу механизмі және престеуші шнек 6 мен зеерлі цилиндр 7 орнатылған. Зеерлі цилиндрдің 7 iшкi бетінде бойлық ойықтар 8 және цилиндрдің бойымен төменгі бөлігінде тесіктер 9 салынған. Кесу механизмі қабылдағыш 10, майдалағыш 11 торлардан және ортасында пышақтан 13 тұрады, олар 6ip-бipiнe тәуелсіз айналады, яғни жеке-жеке біліктер 14, 15, 16 жасалған. Цилиндрлі тұрқының 2 шығар аузында қысымды реттейтін механизм орналасқан және ол бекіту сомысы 18 арқылы бекітіледі. Қысымды реттейтін механизм конусты тордан 17 және сақинадан 19 жинақталады, сақина 19 престеуші шнек 6 мен конусты тордың 17 ортасында орналасқан. Жетек электрқозғалтқыштан 20, бәсеңдеткіштен 21 және олар сына-кайысты беріліспен 22 жалғасады, бәсеңдеткіштен шынжырлы берілістермен 23 біліктерге 14, 15, 16 жалғанады.
МПК / Метки
МПК: C11B 1/06
Метки: пресс, майды, ет-сүйек, шыжығынан, арналған, сығуға
Код ссылки
<a href="https://kz.patents.su/0-pp19175-et-sjjek-shyzhyynan-majjdy-syua-arnalan-press.html" rel="bookmark" title="База патентов Казахстана">Ет-сүйек шыжығынан майды сығуға арналған пресс</a>
Предыдущий патент: Способ получения дорожного битума
Следующий патент: Электролизер
Случайный патент: Комбикорм для сельскохозяйственных животных и птиц