Кенді кеулеп қазғанда жербеттегі нысандарды қорғаудың тәсілі

Номер предварительного патента: 17461

Опубликовано: 15.06.2006

Авторы: Қожас Айгүл Кенжебекқызы, Тобағабылова Жанар Бақытжановна, Сәбденбекұлы Өмірзақ

Формула / Реферат

Өнертабыс таукендік істердің саласына жатады және жерастындағы кенді кеулеп қазып алғанда қорғалатын нысандардың сақтау алаңының шектерін анықтаудың тәсіліне арналады.
Өнертабыстың мәні: таукендік жұмыстардың зыйанды әсерінен қорғалатын нысандардың астындағы және оның маңындағы сілемнің кернеулі пішіндік күйін есепке алатын және сақтау алаңының табиғи жағыдаймен сәйкес болатын өлшемдерін табу.
Нысанның табанының астындағы және оның маңындағы сілемдегі таужыныстардың түрлерін анықтап, геологиялық қыйындысын салуды, үлгілерін сынау арқылы мықтылық құжаттарын жасауды, таужыныстардың сырғу беттерінің қыйсықтарын сызып геологиялық қыйындыға салуды, таужыныстардың кернеулік күйін табу нәтижесінде сақтау алаңының өлшемдерін анықтауды қамтитын кенорындарда кенді кеулеп қазғанда жербеттегі нысандарды қорғаудың тәсілінде өнертабысқа сай таужыныстардың кернеулік күйін анықтағанда нысанның салмағынан түзілетін кернеу есепке алынып, таужыныстардың физико-механикалық қасиеттері анықталады, нысанның табанының астындағы өлшемдердің шегінлегі таужыныстардың қасиеттеріне сәйкес сырғу беттерінің қыйсықтары салынып, сақтау алаңының өлшемдері анықталады, осы қыйсықтармен анықталған шекпен жербеттегі шахтаның әсерінен болатын сырғу беттерінің қисықтар шегінің арасы 0,5Нж шамасынан кем болмауы керек, мұндағы Нж - тік жарлану биіктігі.

МПК / Метки

МПК: E02D 31/08, E02D 31/00

Метки: қазғанда, қорғаудың, кеулеп, жербеттегі, тәсілі, нысандарды, кенді

Код ссылки

<a href="https://kz.patents.su/0-pp17461-kendi-keulep-azanda-zherbettegi-nysandardy-oraudy-tsili.html" rel="bookmark" title="База патентов Казахстана">Кенді кеулеп қазғанда жербеттегі нысандарды қорғаудың тәсілі</a>

Похожие патенты